Presentasi sedang didownload. Silahkan tunggu

Presentasi sedang didownload. Silahkan tunggu

Е.М.Сийпола: “Қабылдаудағы нұсқау (установка)” Сыналушыларға тахистаскоп арқылы 0,1 сек. сайын әр түрлі сөздерді көрсетіп, оларға қандай сөздер екенін.

Presentasi serupa


Presentasi berjudul: "Е.М.Сийпола: “Қабылдаудағы нұсқау (установка)” Сыналушыларға тахистаскоп арқылы 0,1 сек. сайын әр түрлі сөздерді көрсетіп, оларға қандай сөздер екенін."— Transcript presentasi:

1

2 Е.М.Сийпола: “Қабылдаудағы нұсқау (установка)” Сыналушыларға тахистаскоп арқылы 0,1 сек. сайын әр түрлі сөздерді көрсетіп, оларға қандай сөздер екенін анықтау деген тапсырма берілетін болған. 160 адамның жартысы оларды жануарлар деп айтқан; қалған жартысы – бұл сөздерді саяхатпен байланысты деп айтқан. Сыналушыларға тахистаскоп арқылы 0,1 сек. сайын әр түрлі сөздерді көрсетіп, оларға қандай сөздер екенін анықтау деген тапсырма берілетін болған. 160 адамның жартысы оларды жануарлар деп айтқан; қалған жартысы – бұл сөздерді саяхатпен байланысты деп айтқан. Мағынасыз сөз ЖануарларСаяхат ChackChickЦыпленокCheckЧек SealSealТюленьSailПарус WharlWhaleКитWharfПричал PasrotParrotПопугайPassportПаспорт DackDuckУткаDeckПалуба PengionPenguinПингвинPensionПенсия

3 Р.С.Вудвортс: “Тереңдікті көзбен (зрительное) қабылдау” Үш өлшемді көретін (зрительное) қабылдау баяғыдан бері суретшілерді, философтарды және психологтарды ойландырып келеді. Үш өлшемді көретін (зрительное) қабылдау баяғыдан бері суретшілерді, философтарды және психологтарды ойландырып келеді. Оның өзі көздің құрылымына байланысты. Көздің тор қабығында үш өлшемді оптикалық бейне қалыптастырады. Оның өзі көздің құрылымына байланысты. Көздің тор қабығында үш өлшемді оптикалық бейне қалыптастырады. Неккер кубы (1832). Көгілдір қабырғасы алдында ма артында ма? Бұл иллюзия ХІХ ғ. анықтаған швейцариялық кристаллограф Луис Альберт Неккер құрметіне аталған.

4 Тереңдіктің мүмкін болатын белгілері (возможные признаки глубины) Заттардан бақылаушылардың қашықтығын өлшейтін оптикалық құралдарды жасауда негізгі 2 принциптің бірін қолдануға болады – фокус (фокусировка) немесе триангуляция. Заттардан бақылаушылардың қашықтығын өлшейтін оптикалық құралдарды жасауда негізгі 2 принциптің бірін қолдануға болады – фокус (фокусировка) немесе триангуляция.

5 Фокусы Берілген ара қашықтықта анық сурет алу үшін фотоаппаратты айқындыққа (резкость) келтірілуі керек. Көз де сол сияқты. Көздің фокусы линзаның ауысуы арқылы емес, оның қисықтығы (кривизна) мен күшінің ауысуы арқылы болады. Бұл процесс аккомодация деп аталады және ол цилиарлық бұлшық ет арқылы жүзеге асады.

6 Егер объект салыстырмалы түрде алыс болса (1,8 м немесе одан да көп), бұлшық ет босаңсыған күйде болады, объектінің жақындау шамасында бұлшық еттердің жиырылуы ұлғаяды. Бұл линзалардың қисықтығының барған сайын үлкеюіне әкеліп соғады. Мұнда тереңдіктің ең басты нышаны көрсетілген. Басында объектінің анық бейнесін көру қамтамасыз етіледі (байқап көру және қателесу жолы), содан соң цилиарлық бұлшық еттің жиырылу шамасы кинестетикалық импульс әсерімен миға жетеді де, объектіге дейінгі қашықтық анықталады.

7 Триангуляция Қашықтықтың нышандары үшбұрыштың қасиетінде бар. Бір жағының ұзындығы мен оған қарама-қарсы жатқан бұрыштармен тригонометрияның көмегімен қалған ұзындықтарды есептеп шығаруға болады. Адам бинокулярлық көрумен (зрение) ондай нәрселерді орындай алады. Сол арқылы екі көз арқылы біріккен бейне алады. Бұл жерде ол көздің арасындағы қашықтық негізі болатын бұрышпен тікелей байланысты болады, іргелес бұрыштары әр көздің конвергенция шамасымен анықталады.

8 Қосарланған бейне Егер біздің алдымызда екі заттың біреуі алыста, екіншісі жақында тұрса, біз жақында тұрғанына көзімізді фокустасақ, онда алыста тұрған зат қосарланып көрінеді. Ал егер керісінше алыстағы затқа қарасақ, жақындағы зат қосарланып көрінеді. Егер біздің алдымызда екі заттың біреуі алыста, екіншісі жақында тұрса, біз жақында тұрғанына көзімізді фокустасақ, онда алыста тұрған зат қосарланып көрінеді. Ал егер керісінше алыстағы затқа қарасақ, жақындағы зат қосарланып көрінеді.

9

10 Бинокулярлық дисапараттылық Егер көз алдымызға екі сұқ саусағымызды қойып, біреуін ақырындап жақындатсақ және сол жақындап келе жатқан саусаққа қарап тұрсақ артта қалғаны бізге қоарланып көрінеді. Керісінше артында тұрған саусаққа көзді фокустасақ, онда жақындап келе жатқан саусақ қосарланып көрінеді. Егер көз алдымызға екі сұқ саусағымызды қойып, біреуін ақырындап жақындатсақ және сол жақындап келе жатқан саусаққа қарап тұрсақ артта қалғаны бізге қоарланып көрінеді. Керісінше артында тұрған саусаққа көзді фокустасақ, онда жақындап келе жатқан саусақ қосарланып көрінеді.

11 Қозғылыстық (двигательный) параллакс Параллакс – адамның орналасуының өзгеруі нәтижесінде заттың орналасуының өзгеруі. Бинокулярлық параллакс екі көздің орналасуының кішігірім өзгерісіне байланысты. Бастың орналасуы 15 см-ге қисайса заттың әртүрлі бейнесін береді. Бақылаушының көздері бас пен дененің қимылы кезінде пассивті болып қалмайды. Олар компенсаторлық аңдушы (прослеживающих) қозғалыс көмегімен бір затқа көздерін фокустап, соған фиксациясын сақтайды. Параллакс – адамның орналасуының өзгеруі нәтижесінде заттың орналасуының өзгеруі. Бинокулярлық параллакс екі көздің орналасуының кішігірім өзгерісіне байланысты. Бастың орналасуы 15 см-ге қисайса заттың әртүрлі бейнесін береді. Бақылаушының көздері бас пен дененің қимылы кезінде пассивті болып қалмайды. Олар компенсаторлық аңдушы (прослеживающих) қозғалыс көмегімен бір затқа көздерін фокустап, соған фиксациясын сақтайды. Автокөлікпен тез жүріп келе жатқанда тек жақындағы объектілер ғана қозғалысқа келгендей болмайды, алыстағылары да қозғалысқа келгендей болады. Автокөлікпен тез жүріп келе жатқанда тек жақындағы объектілер ғана қозғалысқа келгендей болмайды, алыстағылары да қозғалысқа келгендей болады.

12 Мөлшер тереңдіктің нышаны ретінде Заттың таныс мөлшері қашықтықты өлшейтін жақсы нышанның бірі болып табылады. Бұған суретшінің тереңдікті бейнелеуі үшін пайдаланылатын көп белгілері қолданылады. Мысалға темір жолды алсақ болады. Олардың ара қашықтығы бірдей. Бірақ қарағанда ол алыстаған сайын біртіндеп кішірейе беретін ретиналды бейне береді. Заттың таныс мөлшері қашықтықты өлшейтін жақсы нышанның бірі болып табылады. Бұған суретшінің тереңдікті бейнелеуі үшін пайдаланылатын көп белгілері қолданылады. Мысалға темір жолды алсақ болады. Олардың ара қашықтығы бірдей. Бірақ қарағанда ол алыстаған сайын біртіндеп кішірейе беретін ретиналды бейне береді. Бірақ сутершінің қолдана алмайтын бір белгісі бар. Ол торлы бейненің орын ауыстыру жылдамдығы. Бірақ сутершінің қолдана алмайтын бір белгісі бар. Ол торлы бейненің орын ауыстыру жылдамдығы.

13 Қандай телефонның бағанасы биігірек? Қандай телефонның бағанасы биігірек? Қай балмұздақ үлкенірек? Қай балмұздақ үлкенірек? Қай адам биігірек? Қай адам биігірек? Қай параллелипипед үлкенірек? Қай параллелипипед үлкенірек?

14 Алдында және артында болу Бір нәрсені бұрыш артынан көру мүмкін емес – бұл балалардың кішкентайынан түсінетін, өте қарапайым көру тәжірибесінің ақиқаты болып табылады. Бір нәрсені бұрыш артынан көру мүмкін емес – бұл балалардың кішкентайынан түсінетін, өте қарапайым көру тәжірибесінің ақиқаты болып табылады. Бұдан бір затты басқа зат жауып тұруы мүмкін, және де артында тұрған зат алысырақ дегенді және оны оңға немесе солға біраз жылжыса көруге болатынын көреміз. Бұдан бір затты басқа зат жауып тұруы мүмкін, және де артында тұрған зат алысырақ дегенді және оны оңға немесе солға біраз жылжыса көруге болатынын көреміз. Бір затты екінші зат жартылай жауып тұрса олардың ортақ контуры қайсысы жақын тұрғанын алдын ала есептемей-ақ байқауға болатындығын көрсетеді. Бір затты екінші зат жартылай жауып тұрса олардың ортақ контуры қайсысы жақын тұрғанын алдын ала есептемей-ақ байқауға болатындығын көрсетеді.

15

16 Тағы бір тереңдіктің және бедердің нышаны, суретшілермен жиі қолданылатын – тегіс және ойлы-қырлы жерлерге түсетін көлеңке болып табылады. Бір заттан екінші затқа түсетін көлеңке қай заттың алыс екендігін көрсете отырып оның орналасуын немесе жарықтың бағытын анықтауға көмектеседі. Жалған көлеңкелер немесе жарықтың жалған көздері өте қызық әсер (эффект) береді. Мысалы шығыңқы бедердің ойыс және керісінше болып өзгеруі. Тағы бір тереңдіктің және бедердің нышаны, суретшілермен жиі қолданылатын – тегіс және ойлы-қырлы жерлерге түсетін көлеңке болып табылады. Бір заттан екінші затқа түсетін көлеңке қай заттың алыс екендігін көрсете отырып оның орналасуын немесе жарықтың бағытын анықтауға көмектеседі. Жалған көлеңкелер немесе жарықтың жалған көздері өте қызық әсер (эффект) береді. Мысалы шығыңқы бедердің ойыс және керісінше болып өзгеруі.

17 Сол жағында шығыңқы крест (А), ал оң жағында ойыс (Б). Суретті төңкерсе, не болады? Сол жағында шығыңқы крест (А), ал оң жағында ойыс (Б). Суретті төңкерсе, не болады? Ойыс крест (Б) суретті төңкерген соң бізге шығыңқы болып көрінеді. Ал алдындағы шығыңқы крест (А) енді ойыс болып тұр. Ойыс крест (Б) суретті төңкерген соң бізге шығыңқы болып көрінеді. Ал алдындағы шығыңқы крест (А) енді ойыс болып тұр.

18 Ауа перспективасы Алыстағы таулар ашық күндері бізге көгілдір болып көрінеді, ал бізден бірнеше ғана кварталдағы қаланың құрылыстары түтінді қалада бізге сұр болып көрінеді. Ауада әрқашан бұл әсерді туғызатын (эффектті) су мен шаңның жеткілікті мөлшері болады. Ауа перспективасы алыс ара қашықтықта басқа нәрселер өз күштерін жоғалтқанда үлкен рольге ие бола бастайды. Алыстағы таулар ашық күндері бізге көгілдір болып көрінеді, ал бізден бірнеше ғана кварталдағы қаланың құрылыстары түтінді қалада бізге сұр болып көрінеді. Ауада әрқашан бұл әсерді туғызатын (эффектті) су мен шаңның жеткілікті мөлшері болады. Ауа перспективасы алыс ара қашықтықта басқа нәрселер өз күштерін жоғалтқанда үлкен рольге ие бола бастайды.

19

20 Градиенттер Гибсон өзінің кеңістікті қабылдауға арналған танымал кітабында (1950) біз жүретін жер бетінің (поверхность) роліне зейін салды. Бақылаушыға эксперименттер жасағанда оларға жерді, еденді т.б. Көрсетпейді, өйткені бұл сынақты барынша жеңілдетіп жібереді. Гибсон өзінің кеңістікті қабылдауға арналған танымал кітабында (1950) біз жүретін жер бетінің (поверхность) роліне зейін салды. Бақылаушыға эксперименттер жасағанда оларға жерді, еденді т.б. Көрсетпейді, өйткені бұл сынақты барынша жеңілдетіп жібереді.

21

22 Нышандардың арақатынасы Әр түрлі шынайы жағдайларда тереңдікті қабылдау бірнеше жоғарыда айтылған белгілерге сүйенуі мүмкін. Бір айқын белгінің өзі, бір-бірін жабу сияқты, толығымен бұл әсерді байқатуы мүмкін. Басқа жағынан қабылдау тұрақты емес және өзгермелі болуы мүмкін. Әр түрлі шынайы жағдайларда тереңдікті қабылдау бірнеше жоғарыда айтылған белгілерге сүйенуі мүмкін. Бір айқын белгінің өзі, бір-бірін жабу сияқты, толығымен бұл әсерді байқатуы мүмкін. Басқа жағынан қабылдау тұрақты емес және өзгермелі болуы мүмкін. Бұл шаршы бөлменің ішінде ма әлде кішкене бөлшегі кесілген үлкен шаршы ма?

23 Бұл саланың ең үлкен экспериментаторы танымал суретші және интенер Леонардо да Винчи (1452- 1519). Суретшілердің тереңдің әсерін беруінде қиналғандықтан, ол келесі эксперименттерді ұсынды: Бұл саланың ең үлкен экспериментаторы танымал суретші және интенер Леонардо да Винчи (1452- 1519). Суретшілердің тереңдің әсерін беруінде қиналғандықтан, ол келесі эксперименттерді ұсынды: “Алаңға шығып, 100,200 және т.б. Қашықтықтағы затты таңдап... Алдарыңызға әйнек бөлігін қойып, көзді бір бағытта ұстап, ағаштың контурын сызыңыз. Содан соң әйнекті сол ағаш көрінетіндей етіп жылжытып, өз суреттеріңізді соған сәйкес етіп бояңыз бояңыз... Осы процедураны қалған ағаштарды салуға қолданыңыз. Осы әйнектегі суретті басқа суреттерді салуды көмекші құрал ретінде қолданыңыз”. “Алаңға шығып, 100,200 және т.б. Қашықтықтағы затты таңдап... Алдарыңызға әйнек бөлігін қойып, көзді бір бағытта ұстап, ағаштың контурын сызыңыз. Содан соң әйнекті сол ағаш көрінетіндей етіп жылжытып, өз суреттеріңізді соған сәйкес етіп бояңыз бояңыз... Осы процедураны қалған ағаштарды салуға қолданыңыз. Осы әйнектегі суретті басқа суреттерді салуды көмекші құрал ретінде қолданыңыз”.

24 Тереңдіктің суретші қолдана алатын барлығына жуық белгілерін көрсеткен Леонардо да Винчи бинокулярлық әсерді зерттеудің негізін салып кетті. Тереңдіктің суретші қолдана алатын барлығына жуық белгілерін көрсеткен Леонардо да Винчи бинокулярлық әсерді зерттеудің негізін салып кетті. Философ Джордж Беркли 1709 ж.алғаш болып көздің бұлшық еттері аккомодация мен конвергенция кезінде байқалатын тереңдіктің көрінбейтін кинестетикалық белгілерін көрсетті. Философ Джордж Беркли 1709 ж.алғаш болып көздің бұлшық еттері аккомодация мен конвергенция кезінде байқалатын тереңдіктің көрінбейтін кинестетикалық белгілерін көрсетті. Келесі маңызды қадам физик Чарльз Уитстон атымен байланысты. Ол стереоскопиялық көру және стереоскоп (1838) жасап шығарып, кеңістікті қабылдауды зерттеудің жаңа эрасына өтуіне көп септігін тигізді. Келесі маңызды қадам физик Чарльз Уитстон атымен байланысты. Ол стереоскопиялық көру және стереоскоп (1838) жасап шығарып, кеңістікті қабылдауды зерттеудің жаңа эрасына өтуіне көп септігін тигізді.

25

26 Мөлшер мен ара қашықтықтың арақатынасы Мөлшердің тұрақтылығы (константтылығы) Мөлшері белгілі нәрсе, мысалы, адам, машина, әрқашан да мөлшерлері бірдей деп бағаланады. Егер біз адамның кішкентай сұлбасын көрсек, онда біз оны алыста тұр деп қабылдаймыз. Бірақ кейде өте үлкен қашықтықта немесе ерекше жағдайда, мысалы заттарды биік мұнарадан бақылайтын болса бұл константтылық бұзылады. Бірақ мұдай жағдайда да мөлшер жайындағы пікір көп жағдайда дұрыс болып шығады (Гибсон, 1950). Мөлшері белгілі нәрсе, мысалы, адам, машина, әрқашан да мөлшерлері бірдей деп бағаланады. Егер біз адамның кішкентай сұлбасын көрсек, онда біз оны алыста тұр деп қабылдаймыз. Бірақ кейде өте үлкен қашықтықта немесе ерекше жағдайда, мысалы заттарды биік мұнарадан бақылайтын болса бұл константтылық бұзылады. Бірақ мұдай жағдайда да мөлшер жайындағы пікір көп жағдайда дұрыс болып шығады (Гибсон, 1950).

27 Мөлшердің тұрақтылығы (константтылығы)

28 Мөлшерді бағалау – қашықтықтың нышаны ретінде Холуэй мен Боринг тәжірибелерінде (1941) бақылаушы екі 90º болып қиылысқан коридордың арасында тұрады. Бір коридорында бақыланушыдан 3 м қашықтықта “салыстырылатын стимул” тұрады. Бұл бақылаушы өзі реттей алатын жарықтық ноқат ретінде болады. Екінші коридорда соған ұқсас ноқат (3-36 м) берілетін болған. Ол ноқаттың мөлшері біріншісімен бірдей болып қашықтығы ауысқан сайын өзгеріп тұратын болған. Бақылаушыға бірінші шырақты екіншісімен бірдей дәрежеде үлкейту деген тапсырма берілетін болған. Бинокулярлық көру арқылы ол оны анықтай алған, ал монокулярлық көру арқылы ол оны дәл анықтай алмаған. Холуэй мен Боринг тәжірибелерінде (1941) бақылаушы екі 90º болып қиылысқан коридордың арасында тұрады. Бір коридорында бақыланушыдан 3 м қашықтықта “салыстырылатын стимул” тұрады. Бұл бақылаушы өзі реттей алатын жарықтық ноқат ретінде болады. Екінші коридорда соған ұқсас ноқат (3-36 м) берілетін болған. Ол ноқаттың мөлшері біріншісімен бірдей болып қашықтығы ауысқан сайын өзгеріп тұратын болған. Бақылаушыға бірінші шырақты екіншісімен бірдей дәрежеде үлкейту деген тапсырма берілетін болған. Бинокулярлық көру арқылы ол оны анықтай алған, ал монокулярлық көру арқылы ол оны дәл анықтай алмаған.

29 “Үлкендік” сөзінің әр түрлі мағыналары Мөлшердің шынайы немесе физикалық түрі бар. Бұл затқа сызғышты қойып өлшегендегі мөлшері. Бұдан басқа көздің торлы қабығының образы немесе көретін (зрительный) бұрыш болады. Ол заттың физикалық мөлшеріне тура пропорционал, оғанға дейінгі қашықтыққа кері пропорционал. Мөлшердің шынайы немесе физикалық түрі бар. Бұл затқа сызғышты қойып өлшегендегі мөлшері. Бұдан басқа көздің торлы қабығының образы немесе көретін (зрительный) бұрыш болады. Ол заттың физикалық мөлшеріне тура пропорционал, оғанға дейінгі қашықтыққа кері пропорционал. Бұдан кейін мольшер туралы пікір немесе мөлшерді бағалау болады. Көрінетін (кажущийся) немесе феноменалдық мөлшер интроспекцияға тікелей байланысты. Бұдан кейін мольшер туралы пікір немесе мөлшерді бағалау болады. Көрінетін (кажущийся) немесе феноменалдық мөлшер интроспекцияға тікелей байланысты.

30 Эммерт заңы Қара фонда 2,5 см-лік шаршы ақ қағазды койып, 25 см қашықтықта оған қарайтын болсақ, содан соң ақ қағазға тура сондай қашықтықта қарап, көзімізге көрінген шаршыны сызсақ, тура бізде 2,5 см болып шығады. Ал егер сол қағазға қараған соң 50, 125, 250 және 2500 см қашықтықта образдың размерін белгілейтін болсақ, ол сәйкесінше 5, 12,5, 25 және 250 см болып өзгереді. Бұл проблеманы Боринг (1940, 1942), Эдвардс (1950) және Янг (1950, 1951) талқылаған болатын. Осы жағдай Холуей мен Боринг зерттеген мөлшердің константтылығы дегенге сәйкес келеді. Қара фонда 2,5 см-лік шаршы ақ қағазды койып, 25 см қашықтықта оған қарайтын болсақ, содан соң ақ қағазға тура сондай қашықтықта қарап, көзімізге көрінген шаршыны сызсақ, тура бізде 2,5 см болып шығады. Ал егер сол қағазға қараған соң 50, 125, 250 және 2500 см қашықтықта образдың размерін белгілейтін болсақ, ол сәйкесінше 5, 12,5, 25 және 250 см болып өзгереді. Бұл проблеманы Боринг (1940, 1942), Эдвардс (1950) және Янг (1950, 1951) талқылаған болатын. Осы жағдай Холуей мен Боринг зерттеген мөлшердің константтылығы дегенге сәйкес келеді.

31

32 Ай иллюзиясы Бізге көбімізге мәлім нәрсе, ай көкжиекте үлкенірек болып, ал аспанда кішкентай болып көрінуі. Бұл иллюзия болып табылады. Оның мөлшері үлкеймейді де, кішіреймейді де. Бірақ біздің миымыз оларды екі түрлі қылып қабылдайды. Бұның барлығы адамның көзі мен айдың арасындағы бұрышта болып табылады. Мысалы, егер біз жерге жатып айға қарасақ, жоғарыда тұрған ай үлкен болып көрінеді, көкжиекке барғанда кішкентай болып көрінеді және керісінше. Егер қағаздан дүргі сияқты жасап екі жағқайдағы айға қарайтын болсақ, онда бұл иллюзия жоғалады.

33 Қалыптарды (форма) қабылдаудың константтылығы Егер біздің алдымызда үстелдің үстінде төртбұрышты қағаз жатса, біз оны төртбұрышты деп қабылдаймыз. Бірақ ол біздің көзімізге трапеция ретінде көрінеді, ал миымызбен біз оның алшақтау жатқанын түсініп, дұрыс қабылдаймыз. Сол сияқты бөлмені алсақ, біз оны салғандай бізге қарама-қарсы тұрған қабырғасын төртбұрышты етіп салып, ал қалған қабырғаларын трапеция ретінде саламыз.

34

35 Анизейкония Эймс 1925 жылдардан батап-ақ тереңдікті қабылдау туралы сұрақтармен айналыса бастаған. Дармутс көз аурулары клиникасында өте сирек кездесетін аномалияны кезіктірді. Ол бірдей емес образдар дегенді білдіретін анизейкония ауруы болды. Егер зат бір көзіне екінші көзіне қарағанда үлкен болып көрінетін болса бұл қашықтықты дұрыс қабылдамайтын бейнелердің диспараттылығын өзгертеді. Мұндай аномалия мөлшерлерді өзгертетін линзалар арқылы жөнделеді. Эймс 1925 жылдардан батап-ақ тереңдікті қабылдау туралы сұрақтармен айналыса бастаған. Дармутс көз аурулары клиникасында өте сирек кездесетін аномалияны кезіктірді. Ол бірдей емес образдар дегенді білдіретін анизейкония ауруы болды. Егер зат бір көзіне екінші көзіне қарағанда үлкен болып көрінетін болса бұл қашықтықты дұрыс қабылдамайтын бейнелердің диспараттылығын өзгертеді. Мұндай аномалия мөлшерлерді өзгертетін линзалар арқылы жөнделеді.

36 Қисайған (искаженная) бөлме Сыналушы глазок арқылы ені 3 м, ұзындығы 1,8 м және биіктігі 1,5 м бөлмеге қарайды. Ол екі қарапайым терезені көреді. Сосын оған указка беріп онымен оң жақ төбеге жеткізуін сұрайды, ол оның ұшына да жете алмайды, енді оған екінші, сол жақ төбеге жектізуін сұрайды. Бұл кезде ол указкамен төбеге тіреліп қалады. Содан соң оған екі көзімен бірге бөлмені қарауға рұқсат береді. Сол кезде бөлме кисық екені көрінеді. Сыналушы глазок арқылы ені 3 м, ұзындығы 1,8 м және биіктігі 1,5 м бөлмеге қарайды. Ол екі қарапайым терезені көреді. Сосын оған указка беріп онымен оң жақ төбеге жеткізуін сұрайды, ол оның ұшына да жете алмайды, енді оған екінші, сол жақ төбеге жектізуін сұрайды. Бұл кезде ол указкамен төбеге тіреліп қалады. Содан соң оған екі көзімен бірге бөлмені қарауға рұқсат береді. Сол кезде бөлме кисық екені көрінеді.

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46


Download ppt "Е.М.Сийпола: “Қабылдаудағы нұсқау (установка)” Сыналушыларға тахистаскоп арқылы 0,1 сек. сайын әр түрлі сөздерді көрсетіп, оларға қандай сөздер екенін."

Presentasi serupa


Iklan oleh Google